деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.
«2 қазан күні Қарағанды облысы ІІБ Жедел басқару орталығына белгісіз біреу хабарласып, «Восток-3» шағын ауданында тұрғын үйлерге бомба қойылған деп хабарлама берген. Оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер жіберілді. Екі үйден қауіпсіз жерге 315 адам шығарылды», - деп жазылған хабарламада.
Саперлер үйді қарап шыққан, алайда ешқандай жарылғыш зат табылмады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 242-бабымен қылмыстық іс қозғалды, жалған ақпарат берген адам іздестіріліп жатыр.