Кеңеске ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Данияр Еренчинов, «ҚазҒЗИ экология және климат» РМК-ның бас директоры Сергей Цой, ҚР ҚОҚМ-нің жасыл технологиялар және инвестицияларды тарту департаментінің өкілдері қатысты.
«Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ҚР Президенті елдің одан әрі дамуының бағытын «жасыл» экологиялық таза экономика призмасы арқылы біздің табиғи байлықтарымызға қатынасымызды принципті түрде қайта ойластыру қажеттілігімен анықтады», - деп атап өтеді отырыстың ұйымдастырушылары.
Онымен бірге экология проблемалары өткір болып қалуда.
«Қарағанды облысының өнеркәсіп кешенінің маңызды әлеуметтік-экономикалық мәнінен басқа теріс экологиялық зардаптары бар. Экологиялық лас өнеркәсіп өндірісінің жоғары шоғырлануы, өнеркәсіп кәсіпорындары мен тұрғын үйлердің бірлесіп орналасуы аудандар тұрғындарының бұл зиянды өндірістердің тұрақты әрекет етуінің аймағында тұрып жатқанына әкеліп соқтырды», - деді өз сөзінде Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің бастығы Зүлфахар Жолдасов.
Ол облыс бюджетіне келіп түсетін экологиялық төлемдердің 9-11 млрд. теңгесінің тек 1-5 пайызы ғана экологиялық проблемаларды шешуге байланысты шараларға жіберілетініне ренішін білдірді.
«Қалыптасқан экологиялық жағдай табиғи ортаға қол сұғушылықпен байланысты кез келген қызметтің зардаптарын қатаң бағалауға қажеттілік туындатады. Бұл дамыған және жоғары шоғырланған өнеркәсібі бар облысымыз үшін өте маңызды. ҚР Президентінің стратегиясын ұстанып, біздің табиғи байлықтарымызды максималды экологиялық қауіпсіздігі бар тұрақты экономикалық өсімге тиімді тасымалдау қажет», деп түйіндеді Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің бастығы.