Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«3-ші тамыз күні Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласындағы көшелердің бірінде орналасқан гараждардың аумағында 47 жастағы азамат ұсталып, одан жалпы салмағы 117 килограмға жуық сынапқа ұқсас зат тәркіленді», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда аталаған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 301-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.