Қарағандыда футзалдан 2009 жылғы Қазақстан кубогы үшін жарыстағы «төртеудің финалы» өтеді

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Желтоқсанның 16-17-сі күндері Қарағандыда футзалдан 2009 жылғы Қазақстан кубогы үшін жарыстың жартылай финалдық және финалдық ойындары өтеді. Кубокты Алматының «Қайрат» Астананың «Ұшқын-Искра», Қарағандының «Тұлпар» «Грейс+» командалары өзара сарапқа салады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат .

 Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, «Қазақмыс» спорт кешенінің алаңына бірінші болып «Қайрат» пен «Грейс » клубтары шығады. Екінші жартылай финалдық матчта Ұшқын-Искра» мен «Тұлпар» кездеседі. Осы жұптардың  жеңгені желтоқсанның 17-сі күні өтетін финалдық матчта бас жүлде үшін таласады. Үшінші орын үшін болатын кездесу де осы күні өтеді.

  Айта кетейік, футзалдан 2009 жылғы Қазақстан кубогы үшін жарыстың алдын ала кезеңдерінің ойындары Қарағанды мен Семей қалаларында өткен болатын. Жоғарыдағы төрт команда өз топтарында үздік атанып, 1-ші және 2-ші орынмен жартылай финалға шықты.