Алқалы жиынға саясаттанушылар, экономистер, бизнес-қоғамдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, ғылыми мекемелер мен жастар ұйымдарының, профессорлық-оқытушылық құрамның өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу мекемелерінің студенттері қатысатын болады. Онда «G-Global» жобасымен қамтылатын халықаралық мәселелер, сонымен бірге «G-Global» жобасын ары қарай дамыту мәселелері талқыланады.
Мәжіліске облыстың Жаңаарқа, Қарқаралы және Нұра аудандары, сондай-ақ Жезқазған мен Балқаш қалалары секілді бес өңірден бірқатар онлайн-байланыс өткізу жоспарланып отыр.
Жиын қорытындысы бойынша арнайы қарар қабылдау көзделеді.