Қарағандыда қаладағы пәтерлердің біріне екі айлық нәрестені тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда полиция қызметкерлері қаладағы пәтерлердің біріне екі айлық қыз баланы тастап кеткен әйелді іздестіріп жатыр,

деп хабарлады сәрсенбі, 10 қараша күні Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Полицияға Қарағандыда тұратын 52 жастағы әйел келіп, оның қолында өзге біреудің кішкентай сәбиі бар екенін хабарлаған. Оның айтуынша, екі күн бұрын 20-25 жас шамасындағы белгісіз әйел пәтер есігін қағып, бірнеше минутқа кішкентай баласын қарай тұруын сұраған, алайда тастап кеткен бөбектің артынан ешкім келмеген», - дейді облыстық ішкі істер департаметінің баспасөз қызметі.

Қыз бала Балалар үйінде тапсырылды. Оның анасы іздестіріліп жатыр, тергеу амалдары жүруде, деп толықтырды облыстық ІІД баспасөз қызметі.