«Біздерде қоғамдық көлікте жол жүру бағасы соңғы рет 2010 жылы 30-дан 50 теңгеге қымбаттаған болатын. Сол уақыттан бері жанар-жағармай материалдарының бағасы біршама көтерілді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, өңірдегі көлік компаниясы қоғамдық көліктерде жүру жолақысын 107 теңгеге дейін өсіру туралы ұсыныс берген.
«Қазіргі таңда аталған мәселені қарау бойынша қалалық мәслихатпен бірлесіп комиссия құрылды әрі талқылау қорытындысы бойынша қоғамдық көлікте жол жүру құны қаншаға көтерілетіндігі шешіледі», - деді Б.Әбдішов.