Бұл туралы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотынан хабарлады.
Іс материалдарына сәйкес, Қарағанды тұрғыны түнде көлікпен қалада жүріп, оның төбесіне қызыл түсті дабыл қаққышты орнатқан.
«Азамат Ш. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіндегі 464-1 бабының 1 бөлімімен қарастырылатын әкімшшілік құқық бұзушылығын жасауда айыпталуда. Одан дабыл қаққыш алынып, 15 айлық есептік көрсеткіш (24 270 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деді әкімшілік сотынан.
Соттың келтірген мәліметтерінше, бұл Қарағандыда биылғы жылы орын алған осындай екінші жағдай.