Апат 5 қазанда шамамен түнгі сағат 00:00 шамасында орын алды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, Mercedes-Benz көлігінің 29 жастағы жүргізушісі Молокова көшесінен Ермеков көшесіне қарай жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып еткен. Осылайша ол 59 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Mazda көлігіне соғылды. Жол-көлік апаты салдарынан екі жүргізуші де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.
Жол-көлік оқиғасы бойынша полицейлер ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғады.
Алайда, кейін белгілі болғандай, бейсенбі күні таңертең жапа шеккен екі жүргізуші де алынған жарақаттар салдарынан ауруханада көз жұмды.