Жұма, 27 сәуірде Қарағанды қаласында Ишимская 70 көшесі бойынша орналасқан тұрғын үйдің 2-ші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Жалын шарпыған аумақ 10 шаршы метрді құрады.
Өрттің салдарынан күйік шалған 1 жасар бала ауруханада көз жұмды. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін терезеден секіріп кеткен 2008 және 2007 жылғы екі бала ауруханаға жеткізілді.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 13 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.