Қазақстан корейлері қауымдастығының облыстық филиалы бұл мерекені тойлау дәстүрін осыдан 21 жыл бұрын қолға алған болатын.
«Дәстүр бойынша бұл мерекеде біз жылды қорытындылаймыз. Ал биылғы жыл біз үшін ерекше - ол Кореяның Қазақстандағы жылы деп жарияланып отыр», деп атап көрсетті этнобірлестіктің жетекшісі Лилия Ким өз сөзінде.
Концерттік бағдарламаға қатысушылар өздерінің ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сахналады. Корейлермен бірге бүгінгі Жаңа жыл мерекесін басқа да ұлттың өкілдері қарсы алды. Мерекеге барлық ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері шақырылды.
«Тағдырдың жазуымен біздің жерімізге қоныстанған қазақстандық корейлер өз тарихын, өз салт-дәстүрлерін сақтап отыр. Корей халқының өкілдері Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосуда», деп атап көрсетті өз құттықтауында «Нұр Отанның» облыстық филиалы төрағасының орынбасары Есет Есенғараев.