Қарағандыда қожайынын құтқарған ит пойыз астында қалды

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды вокзалы мен Майқұдық стансасы арасындағы аралықта ит қаза тапты. Ақылды жануар темір жолда мас күйінде ұйықтап қалған қожайынын құтқармақшы болған.

Алабай иті ер адамды тістеп  жолдың шетіне шығаруға үлгерді, бірақ пойыз оның артқы аяқтарын басып кетті, соның салдарынан ит оқиға орнында өлді.

 Кейін ер адам полицейлерге бұл өмірден шаршап кеткендіктен өлгісі келгенін айтқан. 48 жастағы жұмыссыз ер адам да зардап шекті - оның екі қабырғасы сынып, иығы жараланды.