Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы, полковник Мұхаметқали Сәтовтың басшылығымен ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитетінің ақпараттық-насихаттық тобы облыс орталығында және іргелес қалаларда бірқатар кездесулер мен іс-шаралар өткізді.
Акция аясында Қарағандыдағы балалар мен жасөспірімдер сарайында балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық концерті болды. Оларға ҚР ІІМ басшылығы және Ішкі әскерлер қолбасшылығы атынан сыйлықтар тапсырды. Осы іс-шараға 300 жетім бала қатысты.