Акцияға Қарағанды ЖОО-лары мен колледждерінде білім алып жүрген 500 студент қатысты. Жиналғандар әуелі би флеш-мобын өткізіп, кейін алаңда «Біздің Көшбасшымыз!» сөзін құрып, сапқа тұрды.
«Біздің болашағымыз, балаларымыздың болашағы үшін белсенділік танытқан барлық қазақстандықтарды құттықтауға рұқсат етіңіздер! ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу идеясы, бірінші кезекте, біздің еліміздегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Н.Назарбаев үшін 8 миллион 833 мың 250 азамат дауыс берген, бұл сайлаушылардың жалпы санының 97,75 пайызын құрап отыр», - деп айтып өтті құттықтау сөзінде Қарағанды қаласындағы жастармен жұмыс жүргізу орталығының директоры Біржан Әлімжанов.
Жастардың алдында сондай-ақ Тарас Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі облыстық серіктестігінің құрметті төрағасы Николай Матияшин сөз сөйледі.
«Бұл, шынымен де, тарихи жеңіс. Әлемдегі бірде-бір көшбасшы халықтың осындай сеніміне ие болып, әділ, ымырасыз күресте осындай сенімді нәтижеге қол жеткізген жоқ», - деп атап өтті этномәдени бірлестігінің басшысы.
Ол Н.Назарбаев алға тартқан бес институционалдық реформа орындалып, ел тұрақтылығын нығайта түсетініне сенімді екенін білдіріп өтті.