Конференция делегаттары жұмыс нәтижелерін шығарып, «Нұр Отан» ХДП-ның 2020 жылға дейінгі бағдарламасы жобасын талқылады және бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді шешті.
Конференция барысында съезге облыс атынан 52 делегат сайланды. Облыстық филиалдың төрағасы болып бірауыздан қайтадан облыс әкімі С.Ахметов сайланды.
Облыстық конференцияның жұмысына «Нұр Отан» ХДП хатшысы Сергей Громов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Виктор Рогалев қатысты.