Өлі денені сол жерден өтіп бара жатқан адамдар тапқан. 30 жастағы азамат қорғаныс істері бойынша Қарағанды облыстық департаментінің бөлім бастығы болып қызмет еткен. Алдын-ала болжамдарға сүйенсек, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Мұндай әрекетке оны қандай жағдай итермелегені белгісіз. Аталған факті бойынша тергеуалды шаралары жүргізілуде.
Ведомствода қайғылы оқиғаға қатысты түсінік бермеді.