Қарағандыда өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда патриоттық тәрбиелеуде мемлекеттік рәміздердің рөлі талқыланды

ҚАРАҒАНДЫ. 21 маусым. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін насихаттауда мемлекеттік рәміздердің рөлі» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 20 жыл толуына арналған шара Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттің базасында өтті.

«Пленарлық отырыста облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнарайым Қаңтарбекова ҚР мемлекеттік рәміздерінің мағынасын түсіндіру мен насихаттау бойынша жұмыс туралы баяндама жасады. Секциялық кеңесте ҚР Мемлекеттік рәміздерінің жас ұрпақты тәрбиелеуде рөлі мен маңызы талқыланды», - деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқарамасының баспасөз қызметі.

Конференцияның қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.