«16 мамыр күні сағат 22-00-дер шамасында Университетская және Мұқанов көшелерінің қиылысында учаскелік инспектордың көмекшісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен», - деп хабарлайды өңірдегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.
Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Осы оқиға бойынша ҚК 345 бабының 3 тарауы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама нәтижесінде жүргізушінің жол-көлік оқиғасы кезінде мас болмағандығы анықталды», - деді Бақытжан Құдияров.
13:02, 17 Мамыр 2017
Қарағандыда полиция қызметкері студент қызды қағып кетті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Қарағандыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқитын төртінші курс студентін көлікпен қағып кетіп, ол оқиға орнында жантәсілім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.