Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Қарағанды қалалық ІІБ Орталық полиция бөліміне 13 наурыз күні сағат 16.00 кезінде Ресей Федерациясының 42 жасар азаматы арызданып келді. Ол өз арызында 52 жастағы үй қызметшісінің оның үйінен 1 840 000 теңге мен 500 АҚШ доларын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығын 1 912 500 теңгені құрады», - делінген облыстық ІІД баспасөз хабарламасында.
Күдікті азаматша құрықталып, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.