«7 қаңтарда Қарағандыда белгісіз біреу 101 нөміріне хабарласып, Бұқар жырау даңғылының бойында орналасқан сауда-ойын сауық орталығының ғимаратында жарылғыш затқа ұқсас сымдар мен сағат тілі бар құрылғы бар екенін айтты. Оқиға орнына барлық құтқару қызметтері шықты. ІІД-нің саперлері ғимаратты тексерді, жарылғыш зат табылған жоқ.
Лаңкестік актісі туралы жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері 26 қаңтарда күдіктіні анықтап, қолға түсірді.
«Мәлім болғандай, күдікті ер адам облыстық жүйке аурулары диспансерінде есепте тұр. Жедел-іздестіру шарасының барысында анықталғандай, күдіктінің осындай қылмыстарға қатысы бар. Өткен жылдың қыркүйегі мен қараша айларында ол «Қазпошта» және облыстық медицина орталығына жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған болатын», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысы бұлтартпау шарасы әзірге қабылданған жоқ.