25 Аяз ата мен 25 Қарша қыз қала орталығындағы алаңда орнатылған жасыл шыршаны айналып ән айтты. Бас Аяз ата қарағандылықтарды келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтап, шырша шамдарын жақты.
Қарағандыда биіктігі 15 метрге жеткен бас шыршаны орнатуға жергілікті питомникте өсірілген 300-ден астам қарағай ағаштары жұмсалды.