Қарағандыда сирек кездесетін автомобильдердің көрмесі өтеді
08:40, 11 Мамыр 2018
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 13 мамырда Қарағандыда өтетін көрмеге сирек кездесетін автомобильдер қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрмеде 40-қа жуық автомобиль ұсынылмақ. Олардың арасында танымал Ford Mercury және кабриолеттердің түрлі модельдері бар.
Көрермендер арнайы брошюралардан әр көліктің техникалық сипаттамасы туралы біле алады.
фото: shannons.com.au