Ескерткіш Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бас ғимаратының алдындағы алаңда орнатылды. Ә.Сағынов бұл ЖОО-ны 33 жыл бойы басқарып келген еді.
«Ә.Сағыновтың есімі қазақстандық ғылымның гүлденуінің символы болып табылады, оның жұмыстарының арқасында отандық ғылым әлемдік деңгейге шықты. Атақты жерлесіміз тек көрнекті ғалым, қазақстандық жердің бай қойнауының зерттеушісі ғана болған жоқ. Ол өз тәжірибесімен шахтерлік еңбекті басынан өткізген адам», - деді ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Сұлтанов.
Мүсіннің авторы - қарағандылық Анатолий Билык. Ә.Сағынов орындықта отырған күйінде бейнеленді. «Біз Сағыновпен ұзақ жылдар бойы дос болдық. Бұл жұмысты маған сендіріп тапсырғанын мақтан етемін. Мен үшін ол ұлы ғалым және жарқын, батыр, парасатты адамға құрмет көрсету мүмкіндігіне айналды», - деп ойымен бөлісті мүсінші.
Ескерткіштің құрылысын арнайы ашылған қайырымдылық қорына ақша аударған демеушілер қаржыландырды.