Қарағандыда төрт жылдам астам уақыт бойы өзбек полициясы іздестіріп жүрген ер адам ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Жақында Қарағандыда Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері төрт жылдам астам уақыт бойы өзбек полицейлерінің іздеуінде жүрген ер адамды ұстады. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінен нақтылағандай, ұсталған азамат Ташкент облысының ІІБ-мен 2008 жылдың маусымында жасаған ұрлығы үшін іздестірілуде болатын.

Ер адам уақытша ұстау абақтысына қамалды. Іздеу бастамашысына хабарлама берілді.