Төтенше жағдайлар министрлігі хабардар еткендей, Қарағандының Днепр көшесі, 57 үй мекен-жайында болған өрт 31 қаңтар күні талтүсте басталған.
«Жалын аумағы 12 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында 51 жастағы ер адамның денесі табылды», - делінген баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.