«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен 2013 жылдың 1 ақпанынан 30 сәуіріне дейін қалалық білім беру мекемелерінде 14-74 жас аралығындағы азаматтар үшін тегін компьютерлік сауаттылық курстары өткізіледі, одан өткендер сертификат алады», - делінеді хабарламада.
Қалалық әкімдіктің ақпаратынша, курстар қаланың түрлі жерлерінде ұйымдастырылды, жобаға 25 орта мектеп пен гимназия жұмылдырылды.