деп хабарлайды Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«Өрт сөндірушілерге 2011 жылдың 9 ақпаны күні сағат 11.08-де өрт туралы хабар келіп түсті. Жалын басталған жерге келгенде 2 қабатты эксперименттік цехтың ішіндегі технологиялық құрылғылар, түтін газдарын тазалайтын қондырғы мен жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрайтын жақтаулар жанып жатты», - деп ақпараттандырды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, тілсіз жау 35 минут ішінде ауыздықталды.