Қарағандыда үш көліктің қақтығысуынан 5 адам зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда 3 автокөлік, соның ішінде маршрутты автобус қақтығысқан ЖКО орын алды, салдарынан 5 адам зардап шекті, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.

"13 желтоқсанда Қарағандыда Бұқар жырау даңғылындағы жол өтпесіне көтерілу кезінде "Фольсваген Т-4" маркілі микроавтобус жүргізушісі № 23 маршрутты автобусымен қақтығысып қалды. Нәтижесінде маршрутты автобусты жолдың қарсы жолағына лақтырып жіберді", - деп айтылған хабарламада.

Осыдан кейін жолда тұрған микроавтобусқа "Ниссан мурано" автокөлігі келіп соқтығысып, микроавтобусты 180 градусқа айналдырып жіберді.

" ЖКО салдарынан маршрутты автобустың жүргізушісі, кондукторы және екі жолаушысы, сондай-ақ, "Ниссан мурано" автокөлігінің жүргізушісі әр түрлі жарақаттарымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді, - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.