Қарағандыда жас полиция қызметкерлері ант қабылдады (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық полиция күні қарсаңында Қарағандыда 30 полицей Отанға және халыққа адалдыққа ант берді және Қарағанды облысы ішкі істер бөлімдерінің 12 қызметкеріне салтанатты жағдайда алғашқы офицерлік погондар тапсырылды, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.

Салтанатты шара Қарағанды облысы ІІБ алаңында өтті. Салтанатты шараны Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев ашты.

«Ант беру халыққа және елге адам қызмет етудің қасиетті рәсімі. Уақыт полицейлерден жұмысқа жаңа, заманауи тұрғыдан келуді талап етуде. Оның сапасына көп нәрсе - қазақстандықтардың қауіпсіздігі, азаматтардың тыныштығы және ертеңге күнге сенім байланысты», - деді Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев.

Қызметке жаңадан келген 30 жастың 13-і жол-торуыл полициясының қатарын толықтырды, қалғандары тергеушілер, криминалистер, учаскелік инспекторлар, арнайы жедел уәкілдер және басқа да қызметтерде жұмыс жасайтын болады. Жас қызметкерлердің арасында 4 қыз бар.

Алғашқы офицерлік погондарын және қызмет өткеру және азаматтармен байланыс жасау ережелері туралы жадынамалар мен ұсынбаларды алған құқықтық тәртіп сақшылары өздерінің қызмет орындарына аттанды.