Жол жол-көлік оқиғасы 8 қазанда орын алды, алайда «Мерседес» көлігі түсіп қалған бейне өткен демалыс күндері ғана анықталды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, «Мерседес» көлігінің 41 жастағы жүргізушісі «Голубые пруды» шағын ауданында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол жол полициясын күтпестен ізін суытпақ болған. Жылдамдықтты арттырған жүргізуші қарсы бағытқа шығып кетіп, қатарынан 2 көлікпен соқтығысты. «Мерседес» көлігінің жүргізушісі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Соңғы соқтығысу салдарынан бір отбасы мүшелері - 4 адам зардап шекті.