«Қарағанды қалалық мәслихат сессиясының қаулысымен Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 80 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсету белгіленді», - делінген хабарламада.
Қалалық билік өкілдерінің мәліметінше, бүгінде Қарағандыда Ұлы Отан соғысының 214 ардагері мен мүгедегі өмір сүреді.
«Соғысқа қатысқандарға теңестірілген қарағандылықтарға (блокадашылар, тұтқындар, жалданбалылар) 5 000 теңгеден төленеді. Тыл еңбеккерлері мен соғысқа қатысушылардың жесір әйелдері 3 000 теңгеден алады», - деп қосты қала әкімдігінің баспасөз қызметінде.
Жалпы Жеңіс күні қарсаңында материалдық көмек көрсету үшін қалалық бюджеттен 44,5 млн. теңге бөлінді.