ҚМА Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті 2015-2019 жж. Қарағанды магистральдық желі филиалы станцияларындағы қоршау жолдарының құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде Құдайқұлов А.Б. жұмыс көлемін асыра бағалау арқылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жалпы сомасы 57 млн астам теңге көлеміндегі қаражатын жымқырғаны анықталды.
Жүргізілген тергеу амалдарының арқасында шығынның бюджетке толық көлемде өтелуі қамтамасыз етілді.
Сот үкімімен Құдайқұлов 6 жылға (шартты түрде) бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.