Жыл бойы көкөніс өсіруге арналған 3 гектар аумақтағы жылыжай кешенінің құрылысы 2009 жылы басталған, деді облыс әкімінің орынбасары. Жобаның құны 1,2 млрд. теңгені құрайды, бұл қаражаттың жартысынан көбін «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөлді, деп атап өтті ол.
«Қазіргі таңда іргетасын жайластыру, іргесінің қабырғаларын орнату, топырақ тасу жұмыстары аяқталды. Қазір сараптамадан өтіп жатқан электр қуатын алу туралы жобалық-сметалық құжат дайындалған. Жылжай кешенін құрастыру 2010 жылғы мамырдың 17-інде басталған», - деп жобаны іске асыру барысымен таныстырды Т.Рахымбеков.
Жылыжай кешені ағымдағы жылдың қарашасында пайдалануға тапсырылады, деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары. Кешен жылына 1700 тонна қияр өсіреді деп жоспарланған.