Қарағандыдағы хайуанаттар бағы жекеменшікке берілмек

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласындағы хайуанаттар бағы жекеменшік инвесторлардың сенімгерлікпен басқарылуына берілуі мүмкін, деп хабарлады қала әкімі Нұрлан Әубәкіров.

«Хайуанаттар бағы бойынша МЖК аясында одан әрі дамыту үшін тиісті инвестициялардың салынуы үшін жекеменшік инвесторлардың сенімгерлікпен басқарылуына беру мәселесі қарастырылып отыр, себебі бюджет үшін ол өте шығынды болып табылады», - деді Қарағанды қалалық мәслихатының 49-шы сессиясында жүктелген қызметтер мен міндеттердің атқарылуы туралы есеп берген Н.Әубәкіров.

Ол «мәдениет саласындағы проблемалық мәселелердің бірте-бірте шешімін табатынын» қосып айтты.

Жарты ғасырдан астам тарихы бар Қарағандының хайуанаттар бағы - республикадағы ең көне хайуанаттар бағының бірі. Мекеменің мәліметтері бойынша, мұнда жануарлардың 250-ден астам түрі бар.