Талқыға түскен мәселелердің бірі - қосымша қаражат қажет болғандықтан, кепілге салынған мүліктің артуы. Туындаған басқа мәселе - нысанды су, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша инфрақұрылымға қосу. Аймақ басшысы осы мәселелерді шешу бойынша бұйрықтар берді.
«Индустриялады-инновациялық жобаны жүзеге асыру барысында кейбір мәселелер туындап отыр. Әрине, бұл қаржыландырылуға қатысты», - деді журналистерге берген сұхбатында Серік Ахметов.
«Green Technology» ЖШС-нің директоры Мәдениет Божбановтың айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін қосымша 240 млн. теңге қаражат керек.