Қарағандыдан Қырғызстанға 16 вагон күріш жөнелтілді

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Мемлекеттік материалдық резервтің Қарағандыдағы базасынан Қырғызстанға 17 вагон гуманитарлық жүк жөнелтілді, деп хабарлады Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінен.

Вагондардың 16-сына - күріш, біреуіне - құмық тиелген.

Департаменттің ақпараты бойынша, жүк Қырғызстанның Жалалабад облысының аймақтық әкімшілігіне жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, гуманитарлық көмек «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақшалай қаржы бөлу және Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсету туралы» 2010 жылғы шілденің 20-сындағы №737 Үкімет қаулысына сәйкес көрсетілуде.