1-18 маусым аралығында «ИрАэро» компаниясының ұшақтары Қарағандыдан Мәскеуге, Жуковский әуежайына бейсенбі және сенбі күндері ұшады. Ал 18 маусымнан бастап рейстер сейсенбі, бейсенбі және сенбі аралығында орындалады.
Қарағандыдан жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-де ұшып шығатын борт межелі пунктке Мәскеу уақыты бойынша сағат 9:05-те келеді. Ұшу 3 сағат 5 минутқа созылады.
Билеттер компанияның сайтында сатылуда. Қайтару және айырбастау мүмкіндігі бар стандартты билеттің құны - шамамен 75 400 теңге (12 756 рубль).
Айта кетерлігі, Қарағандыдан Мәскеуге ресейлік тағы бір компания ұшағы қатынайды.