«Жамбыл облысына түскен стихиялық алапат Қарағанды облысының тұрғындарын бей-жай қалдыра алмады. Оның зардаптарын тезірек жою үшін Жамбыл облысына Қарағандыдан «Қарағанды Жарық» ЖШС жергілікті компаниясынан көмек керуені жіберілді. Оған әуе желілерін жөндеу бойынша арнайы техниканың көлік колоннасы мен жоғары санатты мамандардың апаттық-жөндеу бригадасы кіреді», - делінеді хабарламада.
12 адамнан құрылған бригада апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын орындауға арналған құралдармен, сондай-ақ радиобайланыс құралдарымен және спутниктік байланыс терминалымен жабдықталған. Көлік колоннасында 7 техника бірлігі, соның ішінде екі жылжымалы апаттық-жөндеу шеберханалары бар.