Кеше кешке «Сарыарқа» әуежайында қарағандылықтар қызылордалық ауыр атлетті құрметпен қарсы алды. Мұнда қонақтың қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.
И.Ильин Қарағанды облысының ауыр атлетика бойынша федерациясының шақыруымен келгенін хабарлап, жылы кездесу үшін алғысын білдірді. «Қарағанды облысы спорттық дәстүрлерімен даңққа бөленді. Біз Олимпиада чемпиондары Зайцевті де, Мазинді де ұмытқан жоқпыз. Менің ойымша, И.Ильиннің біздің облысымызға келуі бүгінде ауыр атлетикамен айналысатын спортшыларға үлкен үлкен серпіліс береді», - деді облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Наталья Сухорукова.
«Облыстағы жастар арасында болашағы бар ауыр атлеттер пайда болды», - деп атап өтті басқарма басшысы. Кездесуге өткен жылғы ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Максим Лактионов қатысты.
И.Ильин Қарағандыға бұған дейінгі сапарларын еске алды. «Мен мұнда 2002 жылы Теміртаудағы мектеп оқушыларының спартакиадасына бара жатқанда болдым. Онда мен екінші орын алдым», - деп баяндады ол.
Қарағанды облысы саңлақ спортшыларымен белгілі, деп атап өтті олимпиада чемпионы. Осы екі арада, И.Ильин Қарағандыға миссиямен келді.
«Бірінші кезекте мен қарағандылықтармен жүздесу үшін және жастарды тек ауыр атлетикада емес, жалпы алғанда алға жылжуға ынталандыру үшін келдім. Бұдан басқа, біз сіздердің спортшыларыңыз және жаттықтырушыларыңызбен бірге билік көздеріне ауыр атлетиканы дамыту бойынша жобаны ұсыну идеясы бар. Ол үшін үлкен мамандандырылған орталық керек», - деп хабарлады И.Ильин.
Оның пікірінше, негізгі проблема ретінде ауыр атлетикамен айналысатын заманауи жабдықталған залдардың жоқтығы болып табылады. Инфрақұрылымды дамыту керек, деп есептейді ол.
«Жалпы алғанда жұмыс істеуге болады, жағдайлар, дайындық жүйесі бар. Жаттықтырушыларымыз жақсы, болашағынан үміт күттірер талантты жастарымыз да жоқ емес. Ең бастысы бірлесіп жұмыс істеп, барлығын ретке келтіру керек. Қазіргі кезде базасы ескірген залдарды қалпына келтіру қажет, жаңа орталықтар салынса тіпті жақсы. Өткір мәселе осында деп ойлаймын. Мұнда келген балалар ескі жағдайды көріп, ауыр атлетикамен айналысуға деген ниеттері жоғала бастайды. 40 пайыз, ал селекциядан кейін 10 пайыз бала қалады. Егер ең болмағанда 60 пайызын ұстасақ, жеңілірек болатын еді», - деп бөлісті пікірімен И.Ильин.
Олимпиада чемпионы өзінің жүйесін Қызылордада оның есімімен аталған ауыр атлетика мектебінде алға жылжытуға ниетті. Бұл мектептің ашылуы биылғы жылға жоспарланған. «Әрине, көмектесіп тұрамын. Онда өзімнің дайындықтарымды өткіземін. Балаларды даярлау тұжырымдасы менікі, Ильин мектебі де аталуы сондықтан», - деп атап өтті ол.
Бүгін Қарағандыда И.Ильин қала басшылығымен, жастармен, спорттық мектептердің оқушылары және жаттықтырушыларымен, спорттық қауымдастықпен кездеседі.