Елдің 180-ге жуық мықты спортшысы екі күн ішінде әйелдер және ерлер топтарында өзара мықтыларын анықтады. Спартакиада 25-26 шілде аралығында «Еуразия» спорт кешенінде өтті. Қарағанды облысының 6 спортшысы Спартакиада жүлдегері атанды.
Күміс медальға Ботагөз Бақытова (46 кг) мен Любовь Коряк (57 кг) ие болды. Қола медальға Аян Әбдіраш (54 кг), Ақжол Құрманбаев (80 кг), Анна Трухина (53 кг), Арман Нүкештаев (68 кг) қол жеткізді.