«Минск қаласында самбо бойынша әлем кубогының кезеңі мен ерлер арасында Беларусь Республикасы президентінің сыйлықтарына XVII ашық чемпионат болып өтті. Қарағанды облысының атынан жарыстарға екі спортшы қатысты. Б.Қанжанов 52 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль еншіледі», - делінген хабарламада.
Жарыстарда әлемнің 10 елінен келген спортшылар бақ сынасты.