Екатерина Аидова осынау халықаралық жарыстың барлық төрт кезеңінде жеңіске жетіп, абсолюттік жеңімпаз атанды. Естеріңізге сала кетейік, Кубоктың алғашқы кезеңі Нидерландыда, Гронинген қаласында өтсе, екінші және үшінші кезеңі - Италияның Коллбамбо және Базельге-ди-Пине қалаларында өтті. Ақтық сайысқа қазақстандық спортшы Ванкувер Олимпиадасынан кейін аттанды.
Е.Аидова 500 және 1 мың метрлік спринтерлік қашықтықтарда бірінші болып келіп, жалпы есепте алтын медальді жеңіп алды.
Қазір қарағандылық спортшы Мәскеуде наурыздың 12-14-інде жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионатына дайындалуда.