Ведомствоның атап өтуінше, кеше Қарағанды облысында, «Қызылорда-Павлодар» автожолының 775-ші шақырымында «Мерседес» көлігі бұзылып қалды. Көлікте болған 3 адамға ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары көмектесіп, оларды таяу маңдағы Атасу ауылына жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.
11:55, 19 Желтоқсан 2011
Қарағандылық құтқарушылар жолда бұзылған көліктің жолаушыларына көмек берді
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағандылық құтқарушылар жолда бұзылған көліктің жолаушыларына көмек берді. Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.