Лицейдің 10-сынып оқушысы Арман Рысбектің атап өтуінше, болашақта радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі жаһандық жылыну сияқты экологиялық проблемалардың біріне айналатын болады.
«Біздің ғылыми жұмыстың жаңашылдығы алғаш рет роботтардың көмегімен шалғайдағы ғаламшарларды кешенді зерттеу әрі Жерді тұрмыстық және радиоактивті қалдықтардан тазалау ұсынылуында», - деді ол
Оның сыныптасы әрі ғылыми серіктесі Ерасыл Жеңісов қалдықтарды тасымалдау роботтардың көмегімен жүзеге асырылатын атап өтті. «Роботтарды біз өзіміз жасаймыз. Біз радиоактивті қалдықтарды тасымалдау үшін арнайы капсулалар жасап шығардық. Олар қорғасынан жасалған, өйткені бұл металл радиацияны сыртқа шығармайды», - деді Е.Жеңісов.
А.Рысбектің атап өтуінше, гептил қалдықтарын кәдеге жаратуда барынша оңтайлы ғаламшар Меркурий болып табылады.
«Меркурийдегі температура Цельсий бағамы бойынша 400 градустан асып түседі. Осы ғаламшарда радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату барысында олар жанып кетеді. Ғаламшарға дейін 2 жылда ұшып жетуге болады. Менің ойымша, болашақта Меркурийге ұшып бару еш қиындық тудырмайды. Зымыран мен роботтар температураға шыдас бере алады. Біз ұсынып отырған зымыран алюминийден жасалды. Бұл жеңіл металл әрі Цельсий бағамы бойынша 600 градустан астам ыстықта ғана балқиды», - деді ол.