деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Мемлекеттік мерекенің құрметіне ерекшеленген полицейлер марапатталды», - деп атап өтеді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
ҚР Ішкі істер министрінің бұйырығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен үш қызметкер: облыстық ІІД техникалық қызмет басқармасының бастығы Максим Ким, облыстық ІІД қылмыстық полиция басқармасының техникалық қызмет бастығының орынбасары Данияр Қансейітов және Шахтинск қаласындағы ІІБ-нің бастығы Дүйсембай Байбосынов марапатталды. Қарағандылық полицияның тағы екі қызметкері ҚР ІІМ-нің Құрмет грамоталарын, үшеуі - «Ішкі істер органдарының үздігі» ІІ дәрежелі төсбелгісін алды. Сегіз қызметкерге ведомстволық грамоталар мен алғыс хаттары берілді.
Бұдан басқа, 45 тәртіп сақшысы «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгісін алды. Тағы 125 адам ІІД-нің грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.