Облыстық ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнен хабарлағандай, акция өткізілетін қыркүйектің 13-і мен қазанның 6-сы аралығында оқушылар Жедел басқару орталығына әр сенбі сайын келуіне болады. «Бұл жерде олар полиция өмірі мен қызметінің қыр-сырына үңіліп, қылмыстардың дер кезінде және ізін суытпай ашылуындағы полицейлердің қосқан үлесіне көзайым бола алады. Бұл акцияның мақсаты - жастар қылмысының алдын алу, сонымен қатар, кәмелетке толмағандар мен полицейлер арасында сенімге негізделген байланыстар орнату, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу», - деп атап өтті бөлім қызметкерлері.
21:20, 13 Қыркүйек 2010
Қарағандылық полицейлер оқушыларға Жедел басқару орталығына экскурсиялар ұйымдастыруда
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін бастау алған «Полиция және мектеп» акциясы аясында қарағандылық мектеп оқушыларына Жедел басқару орталығына саяхаттар ұйымдастырылды.