Бұл туралы Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстаннан Ресей астанасына дейінгі велосаяхатқа 16 күн кетті. Арақашықтық 3 мың шақырымды құрады.
«ҚР Конституциясы құрметіне арналған велотур мәресіне жетті! Қарағанды-Мәскеу бағыты бойынша 29 тамызда өз бастамасымен велосипедпен шыққан Андрей Кузьмин 14 қыркүйекте Мәскеудің Қызыл Алаңында болды», - делінген хабарламада.
Велосипедші алғашқы турдан кейін бұдан да күрделі сапарларға әзір екенін айтты.