Қарағандылықтар Головкин-Уэйд жекпе-жегін алаңда тікелей көрсетілімнен тамашалады (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Кеншілер мәдениет сарайында көшедегі телеэкранда Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйдтің жекпе-жегі көрсетілді.

Оған бастамашылық еткен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы. Атақты жерлесіміз, барша Қазақстанның мақтанышы Г. Головкинді бірлесіп қолдау жарнамасы әлеуметтік желілерге таралды.

Таңертең ерте көшедегі экран маңында көптеген жанкүйерлер жиналды. Қарағандылықтар жерлестерінің кезекті жеңісіне қуанды.

«Бірінші раунд барлау. Аяғына қарай Гена ұрудың реті келгенін сезіп, оны ауыр соққысымен нокдаунға жіберді. Екінші раунд кімнің-кім екенін аңғартты. Геннадийдің күштілігі сезілді. Оның жеңетініне еш күмән болмады», - деген ойымен бөлісті GGG-ның алғашқы бапкері Виктор Дмитриев.

Ол тәрбиеленушісін, қарағандылықтарды жеңісімен құттықтады.

«Жерлесіміздің кезекті жеңісі құттық болсын! Қарағанды халқын да құттықтаймын. Генаға тағы да осынша жеңісті еңсеруін тілеймін. Барлық жанкүйерлерді спорт, бокс мерекесімен құттықтаймын. Көңіл-күй көтеріңкі, керемет. Біздің жігіт жеңді. Бұдан артық не айтуға болады. Жеңіс - Майқұдықтан мықты боксшы бар екенінің дәлелі», - деді Дмитриев.