Бұл шараның басты оқиғасы - Қарағанды туралы әннің таңдауы болады, дейді фестивальді ұйымдастырушылар.
«Қазір финалға қарағандылық авторлар жазған 12 ән шықты. Олардың ең үздігін көрермендер дауыс беру арқылы таңдап алады. Қонақтарды сондай-ақ, қызықты кездесулер, Қарағанды туралы әңгімелер мен викториналар күтіп тұр», - деп хабарлады ұйымдастыру комитетінен. Фестиваль - бұл іс-шаралар мен бұқаралық әлеуметтік акциялардың бір топтамасы, дейді ұйымдастырушылар.