Бұл туралы бүгін қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметтің мәліметінше, үш мемлекеттік мекеменің, атап айтқанда қаржы бөлімі, ішкі саясат бөлімі, мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімінің бастықтары ауысты.
«Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбішевтің өкімімен бұрын Қарағанды облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас бақылаушы маманы болып қызмет істеген Ержас Айтуғанов қаржы бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары болған Ирина Любарская ішкі саясат бөлімінің бастығы болды. Ал бұрын Астана қаласы мәдениет басқармасында ұйымдастыру-концерттік бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген Айдос Бекмағамбетов қаланың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқаратын болды», - деп мәлім етті Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.